Ернұр Айнаев – медициналық орталықтың негізін қалаушы. 15 жылдық тәжірибесі бар, PhD, уролог-андролог.
Операциялық бөлім , Урология , Физиотерапия бөлімі ,Ернұр Айнаев – урология және андрология саласында 15 жылдық тәжірибесі бар жоғары білікті маман. Оның кәсіби жолы мыңдаған науқастың денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған, ал заманауи емдеу әдістері мен кең ауқымды тәжірибесі әр пациентке тиімді шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді. Ернұр Айнаев әрқашан өз жұмысында жоғары стандарттарды ұстанып, пациенттердің сеніміне ие болуды басты міндеті санайды.
2001-2007 жылдар аралығында Бішкектегі Иса Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы «дәрігер» мамандығы бойынша аяқтаған.
2007-2008 жылдары «Астана медицина университетінде», урология мамандығы бойынша интернатурада оқып, оқу аяқталған соң «уролог-дәрігер» атанды.
2013-2015 жылдары аралығында «Астана медицина университетінде», «Медицина» мамандығы бойынша магистратура, оқып, «медицина ғылымдарының магистрі» атанды.
2017-2021 жылдары аралығында «Астана медицина университетінде», докторантурада оқып, философия докторы (PhD) атанды.
2011 жылы (234 сағат) «Астана медицина университетінде», «Андрология» бойынша бойынша квалификациясын арттырған.
2011 жылы (72 сағат) «Астана медицина университетінде», педагогика мамандығы бойынша «Ассистент» (оқытушы) циклы бойынша квалификациясын арттырған.
2017 жылы (54 сағат) Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде, «Эректильді дисфункция» мамандығы бойынша квалификациясын арттырған.
2018 жылы (54 сағат) Республикалық медицина академиясында, «Құрсақ қуысы және ретроперитонеалды кеңістік мүшелерінің ультрадыбыстық диагностикасы» мамандығы бойынша квалификациясын арттырған.
2018 жылы (108 сағат) Республикалық медицина академиясында «Урология және андрология мәселелері» мамандығы бойынша квалификациясын арттырған.
2017-2018 жылдар аралығында (1080 сағат) «Астана медицина университетінде», «Урология және андрология (негізгі мамандық бойынша ультрадыбыстық диагностика, ересектер мен балаларға арналған эндоскопия)» мамандығы бойынша квалификациясын арттырған.
2019 жылы И.М. Сеченов атындағы Мәскеу мемлекеттік медицина университетінде, «Жұбайлардың репродуктивті денсаулығының андрологиялық аспектілері» мамандығы бойынша квалификациясын арттырған.
2022 жылы Халықаралық ғылыми-зерттеу институтында, «Медициналық білім беру әдістемесі» мамандығы бойынша квалификациясын арттырған.